img 20210824 wa0029

«Қызыл Қазақстан орталау мектебі» КММ-нің жанынан 2021 жылы тамыздың 16-31 аралығында 1 сыныпқа келетін және бастауыш сынып оқушылар үшін «Сәбилер мектебі» даярлық курстары ұйымдастырылды. Даярлық жұмыстарын бастауыш сынып мұғалімдері Иманбаева Т.Х., Усенова Ж.Л. жүргізеді. Оқушыларға математика, тіл дамыту, қоршаған ортамен танысу, түрлі жаттығу ойындары ұйымдастырылған. Балаларға мектептің алғашқы күнінде ұжымдық ортаға тез үйренісіп кетуіне ықпал етілуде.

Ұстаздар кішкентай бүлдіршіндерге бар мейірімімен қарап, зор ықыласпен қызықтыруда. Балалар мектеп өміріне жылдам бейімделуде. Күнделікті мектепке қызығушылықпен келуде.

Тамыздың бірінен басталған дәстүрлі республикалық "Мектепке жол" акциясы қыркүйектің 30-на дейін жалғасады.

Акцияның мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету. Қайырымдылық акциясы барысында мұқтаж балаларға қажет мектеп формасы, спорт киімдері мен мектепке қажеттi оқу құралдар табыс етіледі.
«Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша барлық сұрақтарымен "Қызыл Қазақстан орталау мектебі" КММ жолығуға болады.
Телефон: 8 (71531) 5-11-65.

Облыста техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында оқушыларды, жастарды оқытуға тарту бойынша жүйелi жұмыс жүргiзiлуде.

2021 жылғы 10 наурызда Мағжан Жұмабаев ауданында Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Iргiбайұлы Ақсақаловтың қатысуымен 200 баланы қамтитын «Алтын Ұрпақ» балалар шығармашылығы және жасөспiрiмдер Орталығы ашылды.

2021 жылғы 4 наурызда Петропавл қаласының Оқушылар сарайында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша дарынды оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңiнiң жеңiмпаздарын және Елбасы медалi бағдарламасының қатысушыларын салтанатты түрде марапаттау өттi.

2021 жылғы 24 ақпан күнi Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жамбыл Жабаев — жүз жасаған бәйтерек» тақырыбында әдеби кешi өткiзiлдi.

БІЗДІҢ  БАЙЛАНЫСТАР

150800, Қазақстан Республикасы
Мағжан Жұмабаев ауданы, Құралай ауылы
Орталық көшесі, 29

+7 (71531) 5-11-65

krasny_kazahstan@mail.ru

ҚОҢЫРАУ  КЕСТЕСІ

1 СЫНЫП
1 САБАҚ 9.00-9.35
2 САБАҚ 9.40-10.15
3 САБАҚ 10.30-11.05
2-9 СЫНЫПТАР
1 САБАҚ 9.00-9.45
2 САБАҚ 9.50-10 35
3 САБАҚ 10.50-11.35
4 САБАҚ 11.40-12.25
5 САБАҚ 12.40-13.25
6 САБАҚ 13.30-14.15
7 САБАҚ 14.20-15.05